08 Шілде, 2021 NEWS
Фото: Қаржылық мониторинг агенттігінің сайты
Біртанов пен Әбішев Денсаулық сақтау министрлігінің жарамсыз ақпараттандыру платформасын қабылдау және пайдалануға беру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп күдікке алынған.
Комитет мәліметінше, платформа денсаулық сақтау жүйесіндегі проблемаларды жедел шешу үшін пациенттер, дәрі-дәрмектер және медициналық бұйымдар туралы барлық ақпаратты біріктіруі керек болған.
"Бүгінгі таңда платформа жұмыс жасамайды және оны медициналық мекемелердің пайдаланбайтыны жиналған дәлелдермен расталады. Орындалмаған жұмыстардың құны 4,1 млн. АҚШ долларын немесе 1,5 млрд. теңгені құрайды. Сондай-ақ, Елжан Біртанов санитариялық авиацияның әуе кемесін 2020 жылғы маусымда жеке мақсаттары үшін пайдалану кезінде өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп күдіктелуде. Ағымдағы жылғы 7 шілдеде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы жарияланып, қылмыстық іс материалдарымен танысу басталды. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-ның 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды" делінген ақпараттық хабарламада.
Экс-министр өзіне тағылған айыпты мойындамайды. Ал оның қорғаушысы Дмитрий Куряченко "тергеу Біртановты қудалауға бағытталған деп санайды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір